Мектеп

Автор: admin от 14-02-2017, 20:56, посмотрело: 29508

5968
Ата-аналардың міндеттері:
1. Ата-аналар өз балаларын мектеп орналастырып, қажетті құжаттарды реттеп, оқу жылының басынан аяғына дейін оқуын қамтамасыз етуге;
2. Оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен, жетіспеген оқулықтармен қамтамасыз етуге;
3. Мектеп мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас жасауға;
4. Баланың өз мектебін сүюге және мектеп құрал-жабдықтарын, мүліктерін бүлдірмей ұстауға тәрбиелеуге, бүлдірген жағдайда шығынды материалдай немесе ақшалай төлеп орнына келтіруге;
5. Ата-аналар өз балаларының себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау, бос уақытында немен айналысатынынан хабардар болуға, қадағалауға, дос-жолдастарын білуге;
6. Баласының хал-жағдайынан әр уақыт хабардар болуға , бағаларын, тоқсандық, қорытынды бағаларын біліп тұруға;
7. Мектеп әкімшілігімен, мектеп ұжымымен, сынып жетекшілері мен мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасауға, дөрекіліктен аулақ болуға, баланың көзінше ұстаздарды балағаматтауға, реніші болса жеке сөйлесуге;
8. Бала ауырып жатқан жағдайда немесе басқа дәлелді себеппен қалған жағдайда жедел түрде мектепке хабарласуға, дәрігердің қабылдауында болған жағдайда немесе ауруханада жатқаны туралы анықтама қағазы болуын қамтамасыз етуге;
9. Мектеп оқу-тәрбие жүйесінің жүргізілуіне сабақ үстінде ұялы телефонын қосып немесе ойынын ойнап кедергі жасамауына үнемі ескертіп отыруға;
10. Мектеп талаптарын білуге, құрметтеуге оны орындауға ықпал ету;

Категория: Ата-аналарға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед