Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналарға он кеңес

Автор: admin от 14-02-2017, 20:58, посмотрело: 15424

239 Жасөспірімдік жаста балалар өз ата-аналарының өмірін бағалай бастайды. Анасының және әкесінің мінез-құлығын, әрекеттерін, сыртқы түрін талқылайды. Және үнемі салыстырады. Осы салыстырулардың нәтижесі ұлыңыз немесе қызыңызбен қарым-қатынасқа әсер етеді.Ол сізге жағымды немесе жағымды емес болуы мүмкін.
1 кеңес.
Баламен қарым-қатынастағы ең бастысы - өзара түсінушілік. Оны орнату үшін сіздер ынта білдіру және ренішті жасырмау керексіз.
2 кеңес
Балада өзіне, өз күшіне сенушілікті қолдаңыз, белгілі кемшіліктер (олар әр адамда бар) болғанымен оларда жақсы жақтары да бар екенін айтыңыз.
3 кеңес
Таң қалдырыңдар – бұл есте сақталады! Күтпеген және қатты әсер қалдырған адам қызық және беделді болады.Ата-ананың өмірі, олардың көзқарастары, әдеттері ұзақ ақыл беру әңгімелесулерге қарағанда балаға әсерін көбірек тигізеді.
4 кеңес
Сіздің балаңыз мықты және дені сау болғанын қалайсыз ба?
Онда өзіңіз біліп, баланы өз ағзасы туралы, денсаулықты сақтау және оны күшейту туралы білім негіздеріне үйретіңіз.
5 кеңес
Баланың да, өздеріңіздің де денсаулықтарыңызды сақтаңдар, онымен бірге спортпен шұғылдануға, демалысқа шығуға, серуенге баруға үйреніңіз.
6 кеңес
Аптасына қанша уақыт сіздер өз балаларыңызбен өткізесіз? – Аптасына 1,5 сағат?!Оқудан және сабаққа дайындалудан бос уақытта сіздің балаңыз немен айналысатынын міндетті түрде ойлаңыз.
7 кеңес
Үлкендердің балалармен кейбір тақырыптарға сөйлегісі келмейтіні баланы осы тақырыптар тыйым салынған деген ойға келдіреді. Жалтармалы немесе бұрмалаған ақпарат балаларда негізсіз алаңдауды туғыздырады.
8 кеңес
Жасөспірімдерді отбасыдағы психологиялық та (қайғылы оқиға болса да, біреудің ауырғаны немесе өмірден кетуі – бұл адамды шынықтырады және оны сезгіш қылады), материалдық та (жағдайдан шығу амалын табуға үйретеді) проблемалардан артығынан қоршамаңдар.
9 кеңес
Егер сіздер тәрбиелуде қателер жасауды үлгірсеңіз, сіздерге жолдың басына қарағанда қиынырақ болады. Бірақ егер сіз өз тәрбиеленушіңізде тек бір тамшы жақсыны көрсеңіз және келесіде тәрбиелеу үрдісінде осыған сүйінсеңіз, онда балаңызбен тіл табысып, жақсы нәтижелерге жетесіз.
10 кеңес
Егер сіздікі дұрыс емес болғанын, бір маңызды мәселелерде ұлыңыздың немесе қызыңыздың пікірін таңдамағыныңызды түсінсеңіз, алдымен өз алдыңызда, ал сосын баланың алдында оны мойындауға қорықпаңыз.

Категория: Ата-аналарға

 

Мектеп

Автор: admin от 14-02-2017, 20:56, посмотрело: 29509

5968
Ата-аналардың міндеттері:
1. Ата-аналар өз балаларын мектеп орналастырып, қажетті құжаттарды реттеп, оқу жылының басынан аяғына дейін оқуын қамтамасыз етуге;
2. Оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен, жетіспеген оқулықтармен қамтамасыз етуге;
3. Мектеп мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас жасауға;
4. Баланың өз мектебін сүюге және мектеп құрал-жабдықтарын, мүліктерін бүлдірмей ұстауға тәрбиелеуге, бүлдірген жағдайда шығынды материалдай немесе ақшалай төлеп орнына келтіруге;
5. Ата-аналар өз балаларының себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау, бос уақытында немен айналысатынынан хабардар болуға, қадағалауға, дос-жолдастарын білуге;
6. Баласының хал-жағдайынан әр уақыт хабардар болуға , бағаларын, тоқсандық, қорытынды бағаларын біліп тұруға;
7. Мектеп әкімшілігімен, мектеп ұжымымен, сынып жетекшілері мен мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасауға, дөрекіліктен аулақ болуға, баланың көзінше ұстаздарды балағаматтауға, реніші болса жеке сөйлесуге;
8. Бала ауырып жатқан жағдайда немесе басқа дәлелді себеппен қалған жағдайда жедел түрде мектепке хабарласуға, дәрігердің қабылдауында болған жағдайда немесе ауруханада жатқаны туралы анықтама қағазы болуын қамтамасыз етуге;
9. Мектеп оқу-тәрбие жүйесінің жүргізілуіне сабақ үстінде ұялы телефонын қосып немесе ойынын ойнап кедергі жасамауына үнемі ескертіп отыруға;
10. Мектеп талаптарын білуге, құрметтеуге оны орындауға ықпал ету;

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналарға

Автор: admin от 14-02-2017, 20:55, посмотрело: 13253

605 Мектептегі қиындықтар.
1. Орта мектепке ауысу – кейде тура мағынада «жаңа қабырғалар» болып табылады. өйткені кейбір мектептерде бастауыш сыныптар ғимараттың жеке бөлігінде немесе жеке корпусында орналасқан.
2. Балалардың кейбіреулері сыныптастардың жаңа ұжымына келу мүмкін.
3. «Мәртебесінің ауысуы» да өтеді: бастауыш мектепте үшінші-төртінші сыныптар оқушылары ең үлкендері және білгіштер болған, ал қазір тағы да ең кішкентайлар орнына келеді.
4. Меңгеру қажет оқитын пәндер мөлшері, материал көлемі және күрделілігі кеңейеді.
5. Бұрынғы тұрақты мұғалім әр оқушыны, оның мықты және әлсіз жақтарын жақсы біліп, жеке ерекшеліктерін ескеріп отырған – мысалы, жұмыстың ерекше қарқыны немесе тақта алдында жауап беруге қорқуы. Оны жарты сөзден ұғатын. Жаңа пән мұғалімімен оқушы аптасына бір-екі рет көрісу мүмкін – мұнда сенің ерекшеліктеріңді және мүмкіндіктеріңді тез ұғуды күтуге қиын болады.
6. Мұғалімдердің өздері ерекшеліктері бойынша: қарым-қатынас жасау стилі, сөйлеу қарқыны, талаптары бойынша өзгеше болады.
7. Орта мектептің барлық дерлік мұғалімдері әр бала бесінші сыныпқа үйде және сабақта дербес жұмыс істеуінің қалыптасқан қабілеттігімен келді деп есептейді.
Қызыңызға немесе ұлыңызға мектептік өмірдің «резервтік» кезеңінің мүмкіндіктерін барынша қолдануға қалай көмектесу?
1. Бірінші күндердің «техникалық қиындықтарын» қалай өту керек екенін айтыңдар. Кабинеттер жүйесін түсіну қиын ба?әдетте мектепте барлық оқу кабинеттері нөмірленген. Бала өз күнделігінде арнайы бет ашсын, бесінші сыныпта өтетін барлық пәндерді, ал әр пәннің атауының қарсы жағына кабинет нөмірін және қабатты жазсын. Енді егер мектеп лабиринтінде жоғалса, кабинет нөмірін еске түсіріп, оны оңай табуға болады.
2. Бесінші сынып оқушысы мектептік сабақтар кестесі қайда ілініп тұрғанын жақсы білу керек. Ертеңгі күннің сабақ кестесіне сәйкес барлық қажеттіні жинау керектігін баланың есіне түсіріңіз. Бірақ оның орнына бұны жасамаңыз!
3. Қызыңыз немесе ұлыңыз бір қиындықтар пайда болған кезде мектепте кімге бара алатынын айтыңыз. Бұл біріншіден сынып жетекші, бесінші сыныптарды үйлестіретін оқу ісінің меңгерушісі (оның кабинеті қайда екенін білу қажет). Бесінші сынып оқушыларының көбі эмоционалдық қолдауды бұрынғы бастауыш сыныптардың мұғалімінде іздейді.
4. Мектепте болған істер туралы балаға нақты сұрақтар қойыңыз, жаңа пәндерін, жаңа мұғалімдерін, сыныптастарын сұрастырып отырыңыз.
5. Балаңыздың жаңа ұстаздарымен танысуға мүмкіндік табыңыз.
6. Балаңыздың мектептегі бағаларға қатынасына назар аударыңыз. Ол ұққаны маңызды: әр-түрлі адамдар, соның ішінде әр-түрлі мұғалімдер, оның жұмысының нәтижелерін, тұлға ретінде оны әр-түрлі бағалай алады.
7. Бала денесінің хал-жағдайына, оның эмоционалдық күйіне, мінез-құлығындағы өзгерістерге назар аударыңыз.
8. Ұлғайып келе жатқан оқу жүктемесін меңгеруге үйретіңіз. Сабақтардың үй кестесін басқаша құруға болады. Қажетті ақпаратты түрлі көздерден алуға үйретіңіз: газет және журналдардан, анықтамалық әдебиеттен. Егер мүмкіндік болса Интернеттен де. Кітапхананың оқу залында жұмыс істеу де жақсы әдет болуы мүмкін.
9. Қыздың немесе ұлдың сыныптастарын үйге шақырыңыз. Әсіресе бұл басқа сынып немесе мектеп болса. Осылай оған жаңа ортада тіл табысуға, эмоционалдық қолдау табуға көмектесесіз. Бұрынғы мектеп достарын да ұмытпау жақсы болар еді.
Әрине ауысудың ең қиын сәттері біраз уақыттан кейін алыста қалады. Балалардың көбі осы қиындықтарды бесінші сыныптың бірінші айының соңында жеңеді. Бірақ кейбір балалар басқаларға қарағанда үлкендердің көмегін көбірек қажет етеді. Егер бейімделу кезеңі созылса, онда ұстаздарға және психологтарға көмек сұрауға барыңыз!

Категория: Ата-аналарға