Мектеп

Автор: admin от 14-02-2017, 20:55, посмотрело: 31604

238
«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері
Оқушыларға білім беруді дұрыс ұйымдастыру мақсатымен мектеп өз тарапынан (материалдық) жағдай жасау міндеттенеді. Атап айтқанда:
1. Сынып бөлмелерімен қамтамасыз етуге, пән кабинеттерін белгілеуге;
2. Кітапхана, асхана, зертханалар, спорт залы, спорт алаңдарын жабдықтау;
3. Оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты техникалық құралдармен қамтамасыз етуге;
4. Компьютерлік сыныптарды жабдықтауға;
5. Сынып бөлмелерінде парта, тақта, орындықтар, оқу-әдістемелік құралдарына арналған шкафтардың жеткілікті болуын қадағалауға;
6. Спорт залын жабдықтауға;
7. Мектеп ғимаратының есік, терезелерінің бүтіндігін, жарық, жылу жүйелерінің, коммуналдық қызметтің мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
8. Асхананы жабдықтап ыстық тамақ ұйымдастыруға;
9. Көп балалы ата-аналардың балаларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға;
10. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына материалдық көмек көрсетуге;
11. Жетім оқушыларға жағдай жасау. Тегін ыстық тамақ, материалдық көмек және т.б.
12. Мектеп ғимараты ауласы алаңдары жабдықтарының бүтіндігі мен тазалықтарын сақтауға;
13. Оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыруды дұрыс жолға қою мақсатында педагогикалық ұжымды қалыптастырып, кадрлармен қамтамасыз етуге;
14. Оқу-тәрбие жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырып, сабақ кестесіне сәйкес әрекет жасауға;
15. Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға болуға қалыптастырып, оқушылардың жеке басын сыйлауға, қарым-қатынаста дөрекілікке жол бермеуге;
16. Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланыста болу, мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас орнатуға, оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге;
17. Мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-аналардың талап-тілектерімен санасуға;
18. Кез-келген оқушыға, ата-анаға құрметпен қарауға, кемшілігі болған жағдайда байыппен түсіндіруге.

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед