Мектеп

Автор: admin от 14-05-2016, 20:23, посмотрело: 3282

33

Оқушының міндеттері:

1. Оқу жылы бойына себепсіз сабақтан қалмауға;
2. Сабаққа ұқыпты қатынасып, үй тапсырмасы үнемі орындап отыруға, қосымша білімін көтеруге;
3. Мектеп бағдарламасымен шектеліп қана қоймай, ізденіп ғылыми жұмыстарды орындауға, мүмкіндігіне қарай олимпиада, конференцияларға қатынасуға;
4. Қабілетіне, қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатынасуға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға;
5. Мектеп мүлкін, басқа жабдықтарын сақтауға, бүлдірмеуге, ластамауға бүлдірген жағдайда шығынның орнын толтыруға (ата-анасының көмегімен);
6. Мектеп және қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға, дөрекіліктен аулақ болуға;
7. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге;
8. Жасы кішіге, әлсіздерге, жаңадан келген оқушыларға үстемдік, өктемдік жасамауға;
9. Мектеп барлық мұғалімдерімен, мектеп арнайы келген қонақтарымен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге;
10. Мектеп ережеге сәйкес формасын сақтауға және мектеп ішіне екінші аяқ киім киюге;
11. Темекі шегу, насыбай, алкогольді ішімдіктерден, нашақорлықтан аулақ болуға;
12. Мұғалімнің үйге берілген тапсырмасын бұлжытпай орындауға;
13. Мектеп ішіне ұялы телефон телефон ұстамауға, ұстаған жағдайда оқу-тәрбие үрдісінің жүйелі өткізілуіне кедергі жасамауға.

Категория: Оқушыларға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед