Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 14-02-2017, 20:59, посмотрело: 19247

505

 

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

Мектебім, алтын ұям, нұрым жарық

Жайнаттың өміріңнің гүлін жарып.

Сүйкімді күміс сенің қоңырауың

Есімде тұрар мәңгі сыңғыр қағып.

Біздің «Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіндік тарихы бар, өйткені өз алдына бір төбе болса, онда қызмет істеген ұстаздардың еңбектері бір төбе. Сонау, бұдан 57 жыл бұрын өз іргесін қалаған мектебіміздің тарихына қысқаша көз жүгіртейік.

Әуелде, 1959 жылы Ильич ауданына қарасты «Красная Звезда» савхозының №5 бөлімшесінде «Победа» сегізжылдық мектебі ашылды. Директоры болып Бейсенбаев Киікбай ағай (1964-69 жж.) тағайындалды.

1961-1969 жылдар аралығында оқу ісінің меңгерушісі Атбаев Дәуітбай (1959-1964 жылдар аралығында) алғашқы пионер вожатый Айтбаев болған.

1964-1966 жылдар аралығында Сағынтаев Қожан оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Жаңбыров Әділ 1969-1975 жылдар аралығында мектеп директоры болды. 1961-1971 жылдары бұл мектеп Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Жетісай ауданына қарады. 1970 жылы 15 тамызда №25 бұйрықпен «Победа» сегізжылдық мектебі Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі болып ауыстырылады.

1970-1986 жылдары аралығында оқу ісі меңгерушісі болып Ізбасханов Адырбай ағай істеді.

1975 жылы Алтынсарин орталау мектебі орта мектеп болып қайта құрылды және Жетісай ауданына қарасты «Қараөзек» совхозында ұйымдастырылды.

1975 жылы желтоқсан айынан бастап Тоқтыбаев Екуза мектеп директоры болып тағайындалып, 1981 жылы 21 қарашаға дейін осы қызметті атқарса,

1982 жылдан бастап 1985 жылға дейін Құлжанов Сайлау мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1985 жылдың қыркүйегінен 1989 жылдың қараша айына дейін Башенов Ұлықпан мектеп басшысы, Отарбеков Аманғали оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1989 жылғы қарашадан 2009 желтоқсанға дейін Байтілеуов Қалдыбек мектеп директоры болып қызмет атқарды. 2010 жылы ақпаннан 2013 жылы сәуірге дейін Қарабалаев Халил, 2013 жылы сәуірден 2014 жылы қыркүйекке дейін Байтілеуов Қалдыбек мектеп директоры қызметін атқарды. 2014 жылы қыркүйек айынан қазіргі таңға дейін Абдуллаев Қалмұхан Құдайбергенұлы мектеп директоры қызметін атқарып отыр.

Міне, осы жылдар аралығында жүздеген ұстаздар мектебімізде қызмет атқарды. Олардың бірқатары басқа ауылдарда бүгінге дейін жұмыс істеп жүрсе, біразы зейнеткерлікке шыққан. Ауылымыздағы зейнеткер ұстаздар Тайланова Айдай, Жұмағұлова Қалдыгүл, Тұяқбаева Күлайша, Нұртуақова Үйтолған, Қошқарова Бөбен апайлар біздің мақтаныштарымыз.

Ал өмірден өткен ұстаздар: Атбаев Дәуітбай, Ыдырысов Бабан, Таяубергенова Ақбала, Отарбеков Аманғали, Наурызбаев Мұрат, Тоқтыбаев Екуза, Ізбасханов Адырбай, Тасболатова Шолпан, Махашов Әбдіғаппар өмірден өтсе де көңілден кетпейтін, ешқашанда еңбектері ұмытылмай, әрдайым бүгінгі ұрпаққа үлгі – өнеге бола береді.

 

Категория: Мектеп

 

Мектеп мұғалімдері

Автор: admin от 14-05-2016, 21:44, посмотрело: 1484

7
Абдуллаев Калмуханмет Кудайбергенович
мектеп директоры, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 


Категория: Мектеп

 

Мектеп қызметкерлері

Автор: admin от 14-05-2016, 21:43, посмотрело: 2169

10
Жаңабаева Ықпал
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мектеп қызметкерлері Мектеп қызметкерлері Мектеп қызметкерлері Мектеп қызметкерлері Мектеп қызметкерлері 

Категория: Мектеп